Қауіпті зертхана: Оралда арнайы операция жүргізілді

видео кадры

Оралда арнайы жасақ операция жүргізіп, ірі есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оралда арнайы жасақ операция жүргізіп, ірі есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, Оралда интимдік қызмет көрсетумен және есірткі заттарын таратумен айналысқан 36 жастағы әйел ұсталған.

"Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі шетелдік азамат ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды. Жалға алынған үйді тінту барысында синтетикалық есірткі өндіруге арналған жабдық және сатуға дайын 9 келі мефедрон тәркіленді. 27 мыңнан астам бір реттік доза айналымға жіберілмеді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізіліп жатыр", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама