17 наурыз 2022 | 17:48

Қайрат Боранбаев қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қайрат Боранбаев. Фото: vk.com/fckairat

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық сот мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық сот мәліметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Сотта тергеудің басқа деректері жарияланбады.

Реклама
Реклама

Қайрат Боранбаев - бизнесмен, Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы. Forbes Kazakhstan-ның 2021 жылғы "Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері" рейтингіне енді. Forbes мәліметінше, ол Қазақстан, Беларусь және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald's франчайзиі. Сондай-ақ, "Алекс-Сарыағаш" минералды су құю компаниясы, "Алмалы" активтерді басқару компаниясы" ЖШС, "Кемикал" қазақстандық мұнай-химия компаниясы" ЖШС, "ҚазТурбоЖөндеу" холдинг компаниясы" ЖШС иелік етеді.

Сонымен қатар, бизнесменге Алматыдағы Aparking ақылы көлік тұрағын басқаратын "RR2" ЖШС, Fitnation фитнес-клубтар желісі, "Рахат Палас" қонақүйі, Esentai Mall 50 пайызы, Esentai Tower БО 50 пайызы, "Қайрат" футбол клубының мажоритарлық үлесі тиесілі.

Ресейлік миллиардер Виктор Харитонинмен және басқа да серіктестерімен бірге коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник-V" вакцинасын құйып отырған "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС иеленеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная