ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2023 | 14:58
Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жаңа іс тергеліп жатыр
Қазақстандық кәсіпкер Түрсен Алагөзовтың адвокаты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық кәсіпкер Түрсен Алагөзовтың адвокаты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. Отырыста Түрсын Алагөзовтың адвокаты - Ақмарал Бердалиева сотталушының бұрынғы жұбайы Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын, онда GALANZ bottlers АҚ акциялары даулы мүлік болып табылатынын хабарлады.
"Іс аясында азаматтық талапқа толықтыру бердік, онда Гүлмира Сатыбалды Алагөзовтың пайдасына 6 миллиард 985 миллион теңге шығын және 5 миллиард теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіріп алуды сұрадық. Залал сомасын түзету үшін GALANZ bottlers АҚ-ның 2022 жылғы 22 тамыздағы нарықтық құнын бағалау туралы сарапшылардың қорытындылары негізінде акциялардың 43,25 пайызының құны 6 миллиард 584 миллион болатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты талап - арыздарды осы соманы ескере отырып айтып отырмыз", - деді жәбірленуші Түрсен Алагөзовтың адвокаты.
Оның айтуынша, даулы акциялар Jusan Bank-те кепілге қойылған.
Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также