ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2022 | 12:35
Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды - Антикор
Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды. Бұл туралы Антикор хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды. Бұл туралы Антикор хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Антикор мәліметінше, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) деректері бойынша соталды тергеуді жалғастырып жатыр.
"Тергеу барысында Қайрат Сатыбалдыұлының аса сенімді адамы - Қазақстан азаматы 1983 жылы туған Эфенди Кемаль, бірқатар коммерциялық кәсіпорын құрылтайшысы және директоры анықталды.
Эфендидің қылмыстық рөлі кеден саласындағы мәселелерді шешу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру (жылыстату) болды. Ол үшін оған Сатыбалдыұлы шоттан ақша алуға сенімхат берген. Мысалы, Эфендидің бір эпизоды бойынша ғана 2018 жылдың шілдесі мен тамызында 3 күн ішінде Сатыбалдыұлының жеке шотынан қолма-қол 37 миллиард теңге және 62 миллион ақша алған", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, биыл ақпаннан бастап Эфенди Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып, қылмыстық қудалау органына келуден жалтарып жүрген.
"Оның құқыққа қарсы әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сараланып, іздеу жарияланды. Соталды тергеу жалғасып жатыр", - делінген Антикор хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также