ПОДЕЛИТЬСЯ
23 шілде 2019 | 18:53
Қайтыс болған инспектордың досы: Қаныш әрдайым ауылдастарына көмектесіп жүретін
Кісі қолынан қаза тапқан "Охотзоопром" инспекторы Қаныш Нұртазиннің досы құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кісі қолынан қаза тапқан "Охотзоопром" инспекторы Қаныш Нұртазиннің досы құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлытау аудандық криминалды полиция бөлімінің басшысы Мейрам Еділбаевтың айтуынша, ол Қаныш Нұртазинмен он жылдай уақыт бірге жұмыс істеген.
"Сол кезде ол Жезқазғаннан бізге көшіп келді. Каныштың адамгершілігі мол еді. Қоскөл ауылында учаскелік инспектор болып жұмыс істеді. Оны жергілікті халық құрметтеді. Өткен жылы оның үлкен қызы мектепті тәмамдап ЖОО-ға түсті. Ол соған қатты қуанып жүр еді", - деді Еділбаев.
Бұрынғы әріптесі қаза тапқан адамның әрқашан көмекке келуге дайын екенін атап өтті. Қаныш Нұртазинов жергілікті тұрғындардың өтініштері мен тілектерін жауапсыз қалдырмайтын болған.
"Ауыл тұрғындары малын жоғалтқанда, ол өз көлігіне отырып, бензин құйып, тапқанға дейін іздестіруге кірісетін. Каныш көбіне көмектесті. Жезқазғанда және Ұлытау маңында бәрі оны жақсы адам ретінде біледі. Тіпті ол қылмыскерлерді ұстап алған кезде де оларға қамқорлық көрсетіп, тамақтандырды және олардың қателескендерін айтатын", - деді Мейрам Еділбаев.
23 шілдеде шамамен 11:00-де Ақмола бекініс пунктінің "Охотзоопром ӨБ" РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторлары табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау мен бұлтартпау шараларын өткізу барысында Ақмола облысы Жарқайың ауданының аймағында ақбөкен ату дерегі тіркелген. Екі инспектор браконьерлердің соңынан қуып кеткен. "Нива" автокөлігінің мемлекеттік нөмірін анықтау мүмкін болмаған. Нөмірдің Қостанай облысынан екені ғана анықталды.
Браконьерлер қолынан қаза тапқан "Охотзоопром" инспекторы - 43 жастағы Қаныш Нұртазинов болған. Оның төрт баласы қалды. Нұртазинов Қаныш Серікұлы 1976 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. Ол 2016 жылдың 5 қаңтарында "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК жұмысқа қабылданған. Оның отбасында жұбайы мен төрт баласы - үш қызы мен 2011 жылы туған ұлы қалды. Қаныш Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында тұрды. Екінші жараланған инспектор Самат Оспанова Державин қаласының аудандық ауруханасында ота жасалып жатыр, оған санавиация шақырылған.
Осыған дейін, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Браконьерлермен алпарыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына көңіл айтты.
"Браконьерлермен алпарыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін", - деп жазды Тоқаев.
Показать комментарии
Читайте также