ПОДЕЛИТЬСЯ
23 шілде 2019 | 15:56
Қайтыс болған "Охотзоопром" инспекторының артында бес баласы қалды
Браконьерлер қолынан қаза тапқан "Охотзоопром" инспекторы - 43 жастағы Қаныш Нұртазинов болған. Оның артында бес баласы қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Браконьерлер қолынан қаза тапқан "Охотзоопром" инспекторы - 43 жастағы Қаныш Нұртазинов болған. Оның артында бес баласы қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұртазинов Қаныш Серікұлы 1976 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. Ол 2016 жылдың 5 қаңтарында "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК жұмысқа қабылданған. Оның отбасында жұбайы мен бес баласы қалды. Қаныш Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында тұрды.
Бүгін браконьерлерді ұстау кезінде Охотзоопром инспекторы Қаныш Нұртазинов қаза тауып, Оспанов Самат ауруханаға түсті. Қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған марқұмның отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Олардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.
— Magzum Mirzagaliev (@MirzagalievKZ) July 23, 2019Қазіргі уақытта оның денесін туған жеріне жеткізу жөнінде шешім қабылданып жатыр.
Екінші жараланған инспектор Самат Оспанова Державин қаласының аудандық ауруханасында ота жасалып жатыр, оған санавиация шақырылған.
23 шілдеде сағат 11.00-де Ақмола облысы Жарқайың ауданының аумағында Ақмола тірек пунктінің "Охотзоопром" инспекторлары ақбөкенді ату фактісін анықтады.
"Ауруханаға келгенше көз жұмды. 1976 жылы туған ер адам. Оның кеудесіне тиген оқ тесіп шыққан. Екіншісі ауруханаға жатқызылды. Оның диагнозы - сол жақ кеуде қуысының алдыңғы бөлігінің, сол жақ иық сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінің оқ тиген", - деді әкімдік аппаратының өкілдері.
Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасында бір инспектордың қайтыс болғанын растады.
"Зардап шеккендердің біріне "кеуде тұсынан оқ тию" диагнозымен дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды, жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болды. Екінші инспектор кеуде тұсынан жарақат алған Державинск аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Келіп түскен сәтте науқастың жағдайы ауыр болды, бірақ тұрақты. Көкшетаудан құрамында хирург, анестезиолог және медбике бар санавиация бригадасы ұшып шықты", - деді басқарма мамандары.
Еске салайық, осыған дейін "Охотзоопром" инспекторлары ақбөкендерді атқан браконьерлерді қуып, салдарынан жарақаттанды. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда жатқаны хабарланды.
23 шілдеде шамамен 11:00-де Ақмола бекініс пунктінің "Охотзоопром ӨБ" РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторлары табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау мен бұлтартпау шараларын өткізу барысында Ақмола облысы Жарқайың ауданының аймағында ақбөкен ату дерегі тіркеген.
Екі инспектор браконьерлердің соңынан қуып кеткен. "Нива" автокөлігінің мемлекеттік нөмірін анықтау мүмкін болмаған. Нөмірдің Қостанай облысынан екені ғана анықталды.
"Қашу барысында "Нива" көлігінен браконьерлер оқ атқан, салдарынан екі инспектор жарақат алды. Олардың бірі қазір ес-түссіз ауыр жағдайда жатыр, ал екіншісінің жағдайы - ауырлықтың орташа деңгейінде", - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта инспекторларды Державинкс қалалық ауруханасына алып бара жатыр, сол жаққа санавиация шақырылған. Ақмола облысы Жарқайың ауданының ішкі істер органдары күдіктілерді іздеп жатыр, ұстау жоспары құрылған.
Показать комментарии
Читайте также