10 қазан 2016 13:26

Қазақстан шекарасында пойыз дәретханасынан есірткі табылды: Жолсерік ұсталды

Қазақстан шекарашылары елге есірткі заттарының өтуіне жол бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан шекарашылары елге есірткі заттарының өтуіне жол бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сарыағаш шекара жасағы "Сарыағаш т.ж." өткізу пунктінде Мәскеу-Ташкент пойызының № 10 вагонының дәретханасынан қызметтік иттің көмегімен жасыл түсті, өзіндік иісі бар өсімдік тектес зат - марихуананы анықтады", - делінген таралған хабарламада.

Реклама
Реклама

Жолсерік ұсталды. Бұл дерек бойынша өзара әрекеттесуші және құқық қорғау органдары хабарландырылды.

Осы күні Қостанай шекара жасағының қызметкерлері Қостанай-Түмен рейс автобусынан 20 грамм марихуананы өткізбек болған 27 жастағы қазақстандықты ұстады. Есірткі заты қызметтік иттің көмегімен, жеке заттарды тінту кезінде әмияннан табылды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram