Қазақстанда адам ағзаларының саудасы анықталды

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда адам ағзаларын сатуға қатысты 15 қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті үшінші басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көшербаеваның айтуынша, жыл сайын республикада адам саудасына қатысты 150-ге дейін қылмыстық іс қозғалады. Жыл басынан бері 134 қылмыстық іс тіркелген.

"Оның ішінде органдарды сату бойынша 15 қылмыстық іс, органдарын сату мақсатында адам ұрлау бойынша - екі іс, органдарын сату мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша - үш іс, адам саудасы бойынша - 15 іс, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша - 12 іс, және кәмелетке толмаған адамдар саудасы – үш оқиға, жезөкшелікке тарту – жеті факт, притон ұйымдастыру және сутенерлік – 77 факт", - деді полиция қызметкері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама