06 желтоқсан 2021 | 13:31

Қазақстанда адам саудасы бойынша 141 қылмыстық іс қозғалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Ішкі істер министрлігі Қазақстаннан Оңтүстік Корея, Бахрейн және Түркияға адам сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі Қазақстаннан Оңтүстік Корея, Бахрейн және Түркияға адам сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңда адам саудасы көп жағдайда сексуалдық, еңбек күші ретінде пайдалану, қайыршылықпен айналысу және балаларды асырап алуға қатысты жасалады. Жыл басынан бері 141 қылмыстық іс қозғалды. Соңғы жылдары полиция қызметкерлері Қазақстаннан шетелге шығарылған адамдарды анықтады. Олар Бахрейн королдігіне, Түркия және Оңтүстік Кореяға шығарылған", - деді ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов брифингте.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Қазақстан азаматтарын шетелде саудалау деректері бар.

Реклама
Реклама

"Соңғы жылдары полиция қызметкерлері Қазақстан азаматтарын Бахрейн Корольдігіне, Оңтүстік Кореяға және Түркияға сатумен айналысқан оқиғалармен кездесті. Биылғы жылы сотқа трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс жолданды, ол Бахрейн Корольдігіне адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сексуалдық сипатта сатумен айналысқан. Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр", - деді Нұрмағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная