ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қыркүйек 2021 | 10:54
Қазақстанда экстремизм мен терроризмге байланысты қылмыс көбейген
Қазақстанда экстремизм мен терроризмге байланысты құқықбұзушылықтар саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда экстремизм мен терроризмге байланысты құқықбұзушылықтар саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстанда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында экстремизм мен терроризмге байланысты 139 құқықбұзушылық тіркелген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 19,8 пайызға көп. 2017 жылдан 2020 жылға дейін мұндай құқықбұзушылықтар саны төмендеген еді.
Экстремизм мен терроризмге байланысты құқықбұзушылықтар бойынша өңірлер арасында Түркістан облысы алдыңғы орында (18 іс). Басқа оңтүстік өңірлер - Жамбыл облысы мен Шымкентте анти-көшбасшылар қатарында. Ең аз құқықбұзушылық биыл Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында тіркелген - 1 жағдайдан.
Көбінесе мұндай қылмыстар әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру туралы бап бойынша тіркелген - 48 іс. Сондай-ақ, жиі тіркелген баптар қатарында "Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға ашық шақырулар", сондай-ақ "Сот шешімімен тыйым салынған қоғамдық немесе діни бірлестіктің қызметін ұйымдастыру және оған қатысу" кірген.
Сонымен қатар, Қазақстан 2021 жылы бейбітшілікті сүйетін елдердің халықаралық рейтингісінде 163-тен 67-ші орынға шықты. Елдің индексі 1,94 болды. Бейбітшілік индексі соғыстардың болуын немесе болмауын ғана емес, сонымен қатар зорлық-зомбылықтың жоқтығын, зорлық-зомбылықтан қорқу деңгейін және қауіпсіздікті ескереді.
Бейбітшілікті сүйетін елдер рейтингінде Исландия, Жаңа Зеландия мен Дания көш бастап тұр. Рейтингті Ауғанстан жапқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также