ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ақпан 2024 | 09:38
Қазақстанда мал ұрлығымен айналысқан 12 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды
Қазақстанда үш күнде мал ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топ жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда үш күнде мал ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топ жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Республиканың барлық аумағында ІІМ "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген.
"Операцияны жүргізуге 4 мыңнан аса полиция қызметкері мен ауыл шаруашылығы басқармаларының 400 маманы жұмылдырылды. Ұрланған мал мен ет өнімдерін сату деректерін анықтау үшін 3,5 мыңнан астам ет базарлары, павильондар және мал сою цехтары тексерілді. Үш күнде 141 мал ұрлығы ашылып, 94 адам ұсталды. Оның ішінде 12 қылмыстық топ бар. 360-тан аса ұрланған мал басы табылып, иелеріне қайтарылды.
Сонымен қатар, ветеринария саласында 800-ге жуық құқық бұзушылық және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзудың 2 мыңға жуық дерегі анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также