ПОДЕЛИТЬСЯ
08 тамыз 2022 | 12:18
Қазақстанда пәтер тонаумен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда жыл басынан бері 2 мыңнан аса пәтер тонаушылары ұсталып, екі ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жол кесілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда жыл басынан бері 2 мыңнан аса пәтер тонаушылары ұсталып, екі ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жол кесілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жыл басынан бері екі мыңнан аса (2034) пәтер тонаушылары ұсталды, оның ішінде 95 "ұры-гастролер", яғни түрлі қалаларда ұрлық жасағандар, 194 қылмыстық топ. Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді", - деді Ішкі істер министрлігі өкілдері.
Полиция мәліметінше, 2022 жылғы мамырда Шымкентте екі ер адам мен екі әйелден тұратын қылмыстық топ әшкереленген. Олар 2021-2022 жылдары Түркістан облысының Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Сарыағаш аудандарында 70 пәтер тонаған (2022 жылы 35 пәтер - еск.). Тонауға терезе арқылы түскен. Топ мүшелері тоналған мүлікті Шымкенттегі ломбардтарға тапсырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асады.
2022 жылғы маусымда Орал қаласында 2021 жылдан бері Батыс Қазақстан облысында пәтер тонаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қылмыс орнында ұсталды. Бұл топтың алты пәтер тонауына қатысы бар екені дәлелденді. Тінту кезінде олардан 5 миллион теңге, жезбезекті кілт, монтировка, рациялар, алтын және зергерлік бұйымдар тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также