ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қыркүйек 2024 | 08:57
Қазақстанда ірі алаяқтар ұсталды
ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жәбірленушілерге келтірілген шығын 650 миллион теңгеден асады.
"Қарағанды қаласында 45 жастағы ер адам құрықталды. Ол 2018 жылдың шілдесінде өзі Ақтөбеде бола отырып, елордада жылжымайтын мүлік сатып алып беру сылтауымен 100 миллион теңгені иемденген. Алматыда 44 жастағы әйел ұсталды. Ол көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен азаматтарды 516 миллион теңгеден астам сомаға алдаған. Астанада 60 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол былтыр қыркүйекте жеңілдетілген несие арқылы тұрғын үй сатып алу сылтауымен 30 миллион теңге жымқырған.
Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында 30 жастағы қазақстандық азамат құрықталды. Ол да алаяқтық жолмен ондаған миллион теңгені қалтаға басқан", – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері полиция 1360 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам жоғалған адамның орналасқан жерін анықталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также