ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2024 | 12:27
Қазақстанда Ресейден әкелінген көліктерге қатысты ірі алаяқтық әшкере болды
Жоғарғы сот Ресейден заңсыз әкелініп, бұдан бейхабар қазақстандықтарға сатылған көліктерге қатысты ірі алаяқтық оқиғасының жай-жапсарын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жоғарғы сот Ресейден заңсыз әкелініп, бұдан бейхабар қазақстандықтарға сатылған көліктерге қатысты ірі алаяқтық оқиғасының жай-жапсарын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Е.Бариев, М.Қызбикенов пен М.Бибітовке қатысты қылмыстық істі қарады. Сот Бариев, Қызбикенов және Бибітовті ҚК-нің аса ірі көлемдегі алаяқтық (190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы) және құжаттарды қолдан жасау (385-бабының 2-бөлігі) бойынша айыпты деп тапты.
Кассациялық наразылықта прокурор сот актілерін өзгертуді, сотталғандардың әрекетін Қылмыстық кодекстің 196-бабының 3-бөлігінің 1) 2) тармақтарымен (қылмыстық жолмен алынғаны белгілі мүлікті өткізу), бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындау, рақымшылық қолдану және жазалардан босатуды сұрады. Сондай-ақ, қылмыс эпизодтарының бір бөлігіне азаматтық талап қоюға қатысты да мәселе көтерілді.
Бариев өтінішхатында өзінің әрекетін ҚК-нің 196-бабының 3-бөлігінің 1) 2) тармақтарымен қайта саралауды, ал Бибітовтың адвокаты оны ақтауды сұраған.
"Сот алқасы істі зерделей келе, қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың кінәсі дәлелденіп, әрекеттері дұрыс сараланған деген қорытындыға келді. Бариевтің шығу тегі күмәнді, яғни кепілге салынған, іздеудегі, құжатсыз және т.б. көлік құралдарын Ресей Федерациясының аумағындағы интернет-ресурстар арқылы тапқаны анықталды. Қызбикенов Бариевке таныстарының жеке куәліктерінің көшірмелерін берген. Соңғысы бұл деректерді көлік құралдарына жалған құқық белгілейтін құжаттарды жасаған басқа тұлғаларға жіберген. Одан кейін Бариев пен Қызбикенов өздерінің таныстары арқылы заңсыз тіркелген көліктерді Қазақстан аумағына әкеліп, сол жерде өткізген. Нәтижесінде қаражат ұрланып, зардап шеккендерге шығын келтірілді".
Осыған ұқсас схема бойынша сотталушылар Бибітовпен бірге тағы бір жәбірленушінің ақшасын жымқырған. Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, көлік құралдарын сату-сатып алу шартымен, сот-қолжазба сараптамасының хаттамаларымен және басқа да дәлелдемелермен расталады.
РФ Ішкі істер министрлігінің жауабына сәйкес, сотталғандар сатқан көліктер 2021 жылдан бері іздеуде болған.
"Бариев 8 жылға, Қызбикенов 7 жылға, Бибітов 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Апелляциялық сатының қаулысы бойынша, сот үкімі өзгертіліп, Бибітовтың әрекеті ірі көлемдегі алаяқтық (ҚК-нің 190-баптың 3-бөлігінің 1-тармағы) деп танылып, оған 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также