28 сәуір 2022 11:45

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Antares Limited қаржылық пирамидасын анықтады. Ұйымдастырушылар азаматтарға компанияға 100 АҚШ долларынан бастап қолма-қол ақша салса инвестицияның 0,5-2 пайызы күнделікті өсіп отыратынын айтып уәде берген", - делінген хабарламада.

Бүгінде сотталушыларға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сот күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Реклама
Реклама

Қаржы мониторингі агенттігі тағы да азаматтарды сақ болуға, қаржы пирамидасына шақыратын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырды. Қаржы пирамидаларының басты мақсаты өз капиталын тез көбейтуді ұсынып, сенгіш азаматтардың есебінен ақша табу екенін білу маңызды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram