ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қазан 2020 | 11:48
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді
Алматыда B2B Jewelry қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметін ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда B2B Jewelry қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметін ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, ұйымдастырушылар сатып алу сомасының 104 пайызы мөлшерінде ақшаны кешбэк түрінде қайтару кепілдігімен зергерлік бұйымдарды сатқан.
Сондай-ақ, олар клиенттерге алтын мен күміске арналған сыйлық сертификаттарын сатқан. Күдіктілер сатып алынған сертификаттың құнына және қаржы пирамидасына тартылған азаматтардың санына байланысты жылына 520 пайызға дейін табыс кепілдігін берген.
Тергеу барысында экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қаржы пирамидасының салымшылары салған 560 миллион теңге, 303 мың доллар және 3500 еуро көлеміндегі қаржыны тәркілеген.
Салымшылардың жалпы саны Қазақстанның барлық өңірін қоса алғанда 10 мыңнан аса адам болған.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы ("Аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге де мүлікті тарта отырып, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және оған басшылық ету") бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.
"Осыған байланысты Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті осы жобаның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтардан Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне (Алматы, Жібек Жолы даңғылы, 127-үй) немесе 8 7786376213, 8 7028886449, 8 7017446040, 8 7074064945 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды. Ал басқа қалалардың тұрғындары ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық экономикалық тергеу департаменттеріне хабарласа алады", - делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также