ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2021 | 10:57
Қазақстанда тағы бір ірі қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
"Индиго24"-"Evolution Corporation" қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты қылмыстық істің 950 томы Түркістан облысындағы сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Индиго24"-"Evolution Corporation" қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты қылмыстық істің 950 томы Түркістан облысындағы сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2020 жылы жаздан бастап Ішкі істер органдарына "Индиго24" қаржы пирамидасының құрбаны болған азаматтардан арыз түсе бастады. Арыз негізінен, Түркістан, Маңғыстау облыстарының және Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындарынан түсті", - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жәбірленушілер саны екі мыңнан асқаны хабарланды.
Азаматтардың бұл өтініштері СДТБТ-де 190-бабы "Алаяқтық" және 217-бабы "Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету" бойынша тіркелді.
"Полиция қызметкерлері қаржы пирамидасын құруға және оны басқаруға қатысы бар деген күдікпен үш мегаполис - Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Түркістан облысынан 25 адамды ұстады. Тағы да іздеу жарияланды. Олардан компьютерлік техника, жылжымалы және жылжымайтын мүлік тәркіленді", - деді полициядан.
Жасалған қылмыстың ауқымы ескеріле отырып, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Түркістан облысы ПД базасында еліміздің бес өңірінен 30 тергеуші тобы құрылды.
"Топты Түркістан облысының тәжірибелі тергеушілерінің бірі полиция майоры Алтынай Жолымбекова басқарды, ол - тергеу тобының құрамындағы жалғыз әйел. Тергеуге жеті арнайы прокурор да қатысты. Жұмысқа тергеу тобы мен жедел қызметкерлер, сарапшылар мен аудармашылар жұмылдырылды. Сотқа дейінгі тергеу бір жылға жуық уақытқа созылды", - деді құқық қорғау органында.
Полиция мен прокурорлар дәлелдер жинау бойынша біршама жұмыс жүргізді, оның ішінде 15 сараптама түрі тағайындалды.
"Тергеу тобы 2018 жылдың ақпанынан бастап 2020 жылдың тамызына дейін салымшыларға жарты жыл ішінде кепілді жүз пайыз кіріс алуға уәде беріп, алаяқтық жолмен қылмыстық топ сенгіш азаматтардан үш миллиард теңгеден астам қаражат алғанын анықтады. Ақша өзара бөліске түскен. Азаматтар пирамидаға қатысу үшін несие алып, үйлерін кепілге қойды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеушілер қылмыстық топтың ұйымдасқан сипатта болғанын, жоспарлы түрде әрекет еткенін және қатысушылардың рөлдері нақты бөлінгенін дәлелдей алды", - деп толықтырды полиция.
Полиция мен прокурорлар нәтижесінде 160 мыңнан аса беттен тұратын көптомдық айыптау актісімен қылмыстық істі сотқа жіберді.
Полицияның мәліметінше, күдіктілерге Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған: 190-бабы "Алаяқтық", 217-бабы "Қаржы пирамидасын құру және басқару" және 262-бабы "Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару".
Бұған дейін, Қазақстанда Questra World қаржы пирамидасынан 1000-нан аса адам зардап шеккен еді. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также