05 қазан 2023 14:33

Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтарды жаппай ұстау басталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҰҚК

Қазақстанда ҰҚК мен ІІМ қызметкерлері қылмыстық топтарды құрықтауға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАқпарат" мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ҰҚК мен ІІМ қызметкерлері қылмыстық топтарды құрықтауға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАқпарат" мәліметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Жетісу облысында бір мезгілде құрықтау шаралары жүргізілген. Жүргізіліп жатқан іс-шараларға ҰҚК мен ІІМ күштері мен құралдары, сондай-ақ екі ведомствоның арнайы бөлімшелері мен құралдары тартылған.

Реклама
Реклама

"Ұсталған қылмыстық топтар Қазақстан Республикасының Қырғызстан, Қытай және Өзбекстанмен шекаралас аймақтарында, тиісінше, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында заңсыз әрекеттер жасаған", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram