ПОДЕЛИТЬСЯ
10 ақпан 2022 | 11:16
Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: ұйымдасқан қылмыстық топ басшылары ұсталды
Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топ басшылары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелермен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топ басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады және жауапкершілікке тартты", - делінген жарлықта.
ПД мәліметінше, арнайы операция нәтижелері бойынша ұсталғандардан мынадай қару-жарақ тәркіленген: екі "Калашников" автоматы, төрт "ПМ" тапаншасы, төрт "Глок" тапаншасы, револьвер, "ТТ" тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, "Сайга-410" тегіс ұңғылы карабині, "Оса" травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130-дан астам оқ-дәрі.
Ұсталғандарға қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалған. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также