03 маусым 2024 15:05

Қазақстандық 27 жыл бойы Бельгияда жасырынып келген: видео

видео кадры

Адам ұрлап, өлтіруге қатысты деген күдікке ілінген қазақстандық жалған атпен Бельгияда 27 жыл бойы жасырынып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Полиция департаменті мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адам ұрлап, өлтіруге қатысты деген күдікке ілінген қазақстандық жалған атпен Бельгияда 27 жыл бойы жасырынып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Полиция департаменті мәліметіне сілтеме жасап.

Алматының криминалдық полициясы мәліметінше, 63 жастағы қазақстандық 1997 жылы маусымда Новосибирск қаласында отандасымызды ұрлап, өлтіруге қатысқан, кезінде оны босату үшін туыстарынан 100 мың доллар өтемақы талап еткен.

Қаскөйлер бұл ауыр қылмысты адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы жасағаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

"Тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға түрлі жазалар тағайындалды. Сот органдарынан қашып кеткен қылмыскерлердің біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Іздеудегі азамат жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені белгілі болды. Алматы қалалық Прокуратурасының үйлестіруімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматыға жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram