27 шілде 2022 | 18:08

Қазақстандық әйел ректор лауазымын 47 мың долларға сатып алмақ болған

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Нұр-Сұлтанда экс-проректор медицина университетінің ректоры лауазымын 47 мың долларға сатып алмақ болған. Нұр-Сұлтанда Байқоңыр ауданының №2 соты үш айыпталушыға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда экс-проректор медицина университетінің ректоры лауазымын 47 мың долларға сатып алмақ болған. Нұр-Сұлтанда Байқоңыр ауданының №2 соты үш айыпталушыға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық сот өкілдері істің мән-жайын айтты. Тергеу барысында К-ға Астана медицина университетінің ректоры міндетін атқарушы Д-ның алаяқтық жолмен ақшасын жымқырды деген айып тағылды.

"К-ға алаяқтық жолмен Д-ның 47 мың доллар көлеміндегі қаражатын жымқырды және Д-ны Астана медицина университетінің ректоры лауазымына тағайындалу үшін жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға пара беруге итермеледі деген айып тағылды. 

Пара беруге әрекеттенгені үшін Астана медицина университеті ректорының міндетін атқарушы Д., оны ректор лауазымына тағайындау үшін 47 мың доллар көлемінде параны делдал К-ға жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға беру үшін аударған", - деді елордалық сот қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Д-ға ЖШС басшысы Г-дан да пара алды деген айып тағылды.

"Д-ға ЖШС басшысы Г-дан 10 мың доллар көлемінде пара, 2 дана пальто, Алматы қаласына авиабилет пен 440 311 теңге көлемінде қонақүйде тұру ақысын төлегені үшін, мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасып, төлемді жеделдеткені және Г-ның компаниясын 2022 жылғы мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізгені үшін айып тағылды", - деді елорда соты өкілдері. 

Г-ға Астана медицина университетінің проректоры Д-ға пара берді деген айып тағылды.

Сот істі қарап, К-ға аса ірі көлемде алаяқтық және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарды пара алуға итермелеу дерегі бойынша шешім шығарды. Қылмыстық жолмен қолма-қол ақша түріндегі 980 мың теңге сомасында мүлік тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Г-ға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная