20 мамыр 2024 15:11

Қазақстандық оқ тиіп қаза болды: қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандыққа қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарудан оқ атылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандыққа қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарудан оқ атылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облыстық полициясының баспасөз қызметі ақпаратты растады. Тараз тұрғынының өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қажетті сараптамалар тағайындалды. Алдын ала ақпарат бойынша, қару қаңтар оқиғалары кезінде Жамбыл облысы ПД-дан ұрланған. Қазіргі уақытта осы оқиғаларға қатысы тексеріліп жатыр", - деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram