14 ақпан 2023 12:41

Қазақстандықтар алаяқтарға сеніп, бір айда 14 миллиард теңгеге жуық ақшасынан айырылған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жыл басынан бері алаяқтар қазақстандықтарға 14 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген. Биыл қаңтарда "Алаяқтық" бабы бойынша 3,6 мың құқықбұзушылық тіркелген, бұл былтырғыдан бірден 43,8 пайызға көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері алаяқтар қазақстандықтарға 14 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген. Биыл қаңтарда "Алаяқтық" бабы бойынша 3,6 мың құқықбұзушылық тіркелген, бұл былтырғыдан бірден 43,8 пайызға көп, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл барлық жағдайдың жартысына жуығы (45 пайызы) интернет-алаяқтық болды: 1,6 мың құқықбұзушылық. Сондай-ақ, төлем карточкаларын пайдалана отырып, алаяқтық жасау саласында 21 қылмыстық құқық бұзушылық, несие саласында 12 құқықбұзушылық және қарызға ақша алу арқылы бір алаяқтық дерегі тіркелген.

Биыл қаңтарда барлығы 13,3 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, оның 27 пайызы "Алаяқтық" бабы бойынша.

Реклама
Реклама

Өңірлер арасында алаяқтық деректерінің басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген: 755 жағдай – былтырғыдан 86,9 пайызға артық. Антилидер үштігіне Астана (668 жағдай, плюс 82,5 пайыз) және Атырау облысы (204 жағдай, плюс 75,9 пайыз) кіреді.

"Алаяқтық" бабы бойынша ең аз құқық бұзушылық Ұлытау облысында тіркелген: 40 жағдай. Одан кейін Солтүстік Қазақстан (65 жағдай) және Түркістан (73 жағдай) облыстары тұр.

Көбінесе қылмысты жұмыссыздар жасаған: 462 адам. Сондай-ақ, алаяқтардың арасында 16 жұмысшы, 12 мемлекеттік қызметкер, 4 жеке кәсіпкер, 4 студент және 2 әскери қызметкер болған.

Биыл "Алаяқтық" бабы бойынша келтірілген шығынның белгіленген мөлшері 59,9 миллиард теңге болған. Оның ішінде мемлекетке 46,2 миллиард теңге, жеке тұлғаларға 13,7 миллирад теңге, заңды тұлғаларға 35,1 миллион теңге залал келтірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram