ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қазан 2020 | 11:11
Қазақстандықтарды 120 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ сотталды
Алматыда тұрғындарды 120 миллион теңгеге алдап соққан адам сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда тұрғындарды 120 миллион теңгеге алдап соққан адам сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Дереккөз мәліметінше, алаяқ арнайы техниканы сатамын және жеткіземін деген сылтаумен қала тұрғындарын 120 миллион теңгеге алдап соққан.
"Алаяқ бірреттік сыйақы төлеп, фирманы сауатсыз адамға тіркеген. Осылайша, осы тізбек бойынша әрекет ете отырып, қаскөй ірі габаритті техниканы сатып алғысы келген екі адамды алдаған.
Бірінші жағдайда сатып алушы жеткізілім үшін 80 миллион теңге төлесе, екіншісінде 40 миллион төлеген. Алайда уәде етілген тауарлар оларға жетпеген", – деді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерғали Ибраимов.
Жәбірленушілер полицияға жүгінгеннен кейін ер адам бірден ұсталған. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлімі бойынша тергелді. Күдікті қамауға алынды. Оның кінәсі дәлелденді.
Осылайша алаяқ алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также