06 қараша 2020 | 15:29

Қазақстанға Қырғызстаннан жаңа iPhone-дарды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Фото: vb.kg сайтынан

Қырғызстаннан Қазақстанға заңсыз жолмен 128 миллион теңгенің ұялы телефондарын өткізбек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вечерний Бишкекке" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстаннан Қазақстанға заңсыз жолмен 128 миллион теңгенің ұялы телефондарын өткізбек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вечерний Бишкекке" сілтеме жасап.

Қырғызстанның қаржы полициясы шекара қызметінің мамандарымен бірге тауарды заңсыз кіргізуге тырысқандарды тоқтатты. "Ақ Тілек Автожол" бақылау-өткізу пунктінде Қазақстанға кіріп келе жатқан Lexus GX470 көлігі ұсталған. 

Реклама
Реклама

Көліктің ішінен жалпы сомасы 25 миллион сом (128,8 миллион теңге) болатын қымбат ұялы телефондар табылды, деп жазады басылым.

iPhone 12, iPhone 11, iPhone 10, iPhone 7, iPhone 6, iPhone SE маркалы ұялы телефондар, iPhone, Samsung Z, RedMi 9, Poco Х9 үшін құлаққаптар табылды.

Бұл дерек Қылмыстар мен теріс қылықтардың бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная