06 маусым 2024 13:39

Қазақстанның 3 қаласындағы арнайы операция: шетелден есірткі алушылар ұсталды

видео кадры

Қазақстанның үш қаласында арнайы операция жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның үш қаласында арнайы операция жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМА Алматы Полиция департаментімен бірлесіп және қалалық прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік шекара арқылы аса ірі мөлшерде есірткі құралдарының заңсыз айналымын жасаған адамдар тобын тоқтатты.

"Жедел іс-шараларды өткізу кезінде Алматы, Астана және Орал қалаларында шетелден есірткі заттарын алған адамдар анықталып, ұсталды, дайындалған есірткіні кейін сатып, өңірлер бойынша жеткізу халық тұтынатын қарапайым тауарлар түрінде жүргізілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша, шамамен 60 грамм гашиш майы, 700 грамм марихуана тәркіленген.

Сондай-ақ, Алматыда есірткі заттарының белгілері бар өсімдік тектес заттарды өсірумен айналысқан зертхана анықталғаны айтылды. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұсталған төрт адам УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram