Қазақстанның батысында ветеринарлардың ұйымдасқан қылмыстық тобы әшкере болды

Қазақстанның батысында ветеринарлардың ұйымдасқан қылмыстық тобы әшкере болды Кескін нейрожелі көмегімен жасалған

Батыс Қазақстан облысында жүйелі түрде мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.

Қадағалау органының мәліметінше, топ құрамында ветеринариялық дәрігерлер болған. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұзақ уақыт бойы мал ұрлығымен айналысып, кейін оларды деректер базасы арқылы заңдастыру жолымен сату схемасын қолданып отырған.

ҰҚТ прокуратураның нұсқаулар беруі және жасырын тергеу әрекеттеріне бастамашылық етуі арқылы анықталып, қызметі тоқтатылғаны хабарланды.

Жарнама
Жарнама

Күдіктілердің барлығы ұсталып, қамауға алынды. Прокуратураның ақпараты бойынша, олар тергеуге белсенді түрде атсалысып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайды.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама