ПОДЕЛИТЬСЯ
01 тамыз 2022 | 11:39
Қазақстанның бес өңіріндегі арнайы операция: ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, ҰҚК бесінші департаменті және Алматы қаласы бойынша Полиция департаменті Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстары аумағында бірлесе отырып, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.
Барлығы 23 адам ұсталды. Қылмыстық топ мүшелері, бұрын сотталғандар және қылмысқа бейім адамдар, оның ішінде қару қолдану арқылы қылмыс жасау және зорлық-зомбылық жасауға маманданғандар. Бұл қарызды өндіріп алу, бопсалау, сондай-ақ заңсыз өндірумен айналысатын тұлғаларға қолдау жасайтындар", - деді ІІМ баспасөз хатшысы Ақтоты Боранова.
ІІМ мәліметінше, қылмыскерлер ай сайын 300-500 мың доллар көлемінде Алматы облысы Талғар ауданы аумағында майнинг өндірушілер есебінен пайда тапқан.
"Заңсыз майнинг өндіруші фермаларды тінту кезінде қылмыстық топтың жеті мүшесі ұсталды. Қылмыскерлер 36 жастағы IT маманын қылмыстық есепшотқа отырғызып, оны қорқытып, майнинг жұмысын ұйымдастыру үшін бопсалаған", - делінген хабарламада.
Заңсыз сақталған қарудың орнын анықтау бойынша іс-шараларды жүргізу кезінде топтың үш мүшесі ұсталды, олардың бірі әскери қызметші. Олардан АКСУ автоматы, 60 патрон және "Сталкер" және "Ретай" тапаншалары тәркіленді, делінген ІІМ хабарламасында.
Тінту жұмыстары нәтижесінде жедел уәкілдер айғақтар мен қылмыс құралдарын, қара бухгалтерияны, сондай-ақ жалпы құны 7 миллион долларға жуық майнинг жұмысына арналған 6 мыңнан аса техниканы, "Макаров" тапаншасын, 3 дана жалған мемлекеттік нөмірлерді тәркілеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также