Кеше | 09:08

Қазақстанның оңтүстігінде пәтер тонауға қатысы бар топтар ұсталды

видео кадры

Түркістан облысының полицейлері сегіз қылмыстық топтың әрекетін тоқтатып, 16 пәтер тонау дерегіне қатысы бар 40 адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының полицейлері сегіз қылмыстық топтың әрекетін тоқтатып, 16 пәтер тонау дерегіне қатысы бар 40 адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған кезеңде криминалдық полиция сегіз қылмыстық топтың әрекетін тоқтатып, 16 пәтер ұрлығына қатысы бар 40 адамды ұстаған.

“Мал ұрлаумен айналысқан 16 топ жойылып, 40 күдікті құрықталды. 791 бас ұрланған мал иелеріне қайтарылды”, - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Мәселен, Келес ауданында жедел уәкілдер жалпы сомасы миллион теңгеден асатын мал ұрлығының үш дерегіне қатысы бар төрт күдіктіні ұстаған. Мал ұрлаушылардан ұрланған үй жануарларының бір бөлігі және Газель тәркіленді.

Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері қылмыстық топтардың 13 қатысушысы мен көшбасшысын ұстаған.

Жалпы аталмыш басқарма полицейлері 117 қылмысты анықтады, оның ішінде 17 бопсалау фактісі, 34 қару және есірткі сақтау фактісі, үш өз бетінше жер қойнауын пайдалану дерегі және үш заңсыз көші–қонды ұйымдастыру дерегі бар. 21 қару, 500-ден астам оқ-дәрі, екі келіге жуық есірткі затын тәркіленген.

Сондай-ақ экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері терроризмді насихаттаудың бес фактісін және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берудің төрт дерегін қоса алғанда, 24 қылмыстың жолын кескен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная