16 қазан 2018 | 15:50

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Өзбекстандағы Қазақстан елшілігі. © Данияр Бозов

Өзбекстандағы Қазақстан елшісі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстандағы Қазақстан елшісі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Астанада брифинг барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының елшісін аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктеніп отыр. Ол мемлекеттік жауапты қызметте бола отырып, Өзбекстанда Қазақстан Республикасының елшілігін әкімшілік ғимараты құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы көрінеу жалған фиктив актілер толтырған. Заңсыз әрекеттер салдарынан 140 миллион теңге залал келген", - деді Жанна Бастарова. 

Биыл жазда ҚР СІМ бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Кейінірек Ұлттық бюро басшысының орынбасары Олжас Бектенов қылмыстық істің мән жайы туралы айтты: Анарбек Қарашев Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің ғимаратына капиталды ремонт жұмыстарын жүргізу үшін қаражат төлеу дерегі бойынша айып тағылған. Негізінде ешқандай да жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Бұрындары залал мөлшері 70 миллион теңге болған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная