14 наурыз 2022 | 14:05

"Қазақтелеком" басшысынан куәгер ретінде жауап алынды - Антикор

Дина Шарипханова Корреспондент

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Олжас Бектенов "Қазақтелеком" АҚ-тың бірінші басшысы Қуанышбек Есекеевтен куәгер ретінде жауап алынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Олжас Бектенов "Қазақтелеком" АҚ-тың бірінші басшысы Қуанышбек Есекеевтен куәгер ретінде жауап алынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол (Қуанышбек Есекеев - еск.) қазіргі басшы, ол әзірше іс бойынша қаралып жатқан жоқ. Одан куәгер ретінде жауап алынды", - деді Бектенов Мәжіліс алаңында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-қа қатысты лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды. Қылмыс жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
Реклама

"Қазақтелеком" Қуанышбек Есекеев жұмыс орнында екенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная