15 қаңтар 2015 13:14

"Қазпоштадан" ақша ұрлаған Ресей азаматы 3,5 жылға сотталды

©Tengrinews.kz

Ақмола облысында "Қазпошта" акционерлік қоғамының бөлімшесіне кіріп, 2 502 836 теңгені ұрлап кеткен Ресей азаматы 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зейнетақы төлеуге арналған қаржыны қолды қылған Жәнібек Табанбаевқа қатысты айыптау үкімін Еңбекшілдер аудандық соты шығарды, алайда үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram