15 ақпан 2021 16:31

"Қазпоштаның" бұрынғы кассирлері қарт мұғалімнің еңбек демалысына төленген ақшасын жұмсап қойған

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазпоштаның" бұрынғы кассирлері қарт мұғалімнің еңбек демалысына берілген 200 мың теңгесін жұмсап қойған. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазпоштаның" бұрынғы кассирлері қарт мұғалімнің еңбек демалысына берілген 200 мың теңгесін жұмсап қойған. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғалжын ауылының 74 жастағы тұрғыны 2021 жылдың 12 ақпанында полицияға арыз жазған. Ол 2016 жылдың көктемінде "Қазпошта" бөлімшесі 200 мың теңге демалыс ақысын бермегенін хабарлады.

"Полиция зардап шеккен әйел 2016 жылы демалыс ақысын алуы керек болғанын анықтады. Мұғалім демалысқа шыққан соң, қалаға барған, ал ақшасы туралы ұмытып кеткен. Бірнеше жылдан кейін Отанына оралғанда демалыс ақысын алмағаны есіне түскен. Сөйтіп қарт мұғалім полицияға жүгінуді ұйғарған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Полицейлер күдіктілерді анықтады. Олар 2016 жылы "Қазпошта" филиалының кассирі болып жұмыс істеген 39 және 52 жастағы Қорғалжын ауданының тұрғындары болып шықты.

"2016 жылдың шілдесінде әйелдер (бұрынғы кассирлер - автор.) басқа біреудің ақшасын алып, оларды заңды иесіне бермей, өз қажеттеріне жұмсаған", - деп толықтырды полиция өкілдері.

"Қазпошта" филиалының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігі "Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету" бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram