18 наурыз 2020 16:34

"Қазсушаруашылығы" мекемесінің Қарағандыдағы филиал басшысы бюджет қаражатын жымқырған

© Тұрар Қазанғапов

"Қазсушаруашылығы" РМК Қарағанды филиалы Абай бөлімшесінің учаске басшысы алаяқтық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазсушаруашылығы" РМК Қарағанды филиалы Абай бөлімшесінің учаске басшысы алаяқтық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "Қазсушаруашылығы" ШЖҚ РМК Қарағанды филиалы Абай бөлімшесінің учаске басшысы Шалабаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Реклама
Реклама

"Шалабаева сотқа дейінгі тергеу барысында учаскеде жол салу және қайта жөндеу үшін бөлінген 5 575 740 теңге сомасындағы бюджет қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені үшін күдікті болған. Шалабаева осы жылдың 10 наурызында Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен 3 жыл, 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Сондай-ақ, оған қатысты пробациялық бақылау белгіленгені айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram