"Қазтеміртранс" АҚ филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды

"Қазтеміртранс" АҚ филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қостанайда "Қазтеміртранс" АҚ филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда "Қазтеміртранс" АҚ филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының директоры облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел өткізгені үшін жүйелі негізде пара алды деп әшкереленді. Күдіктіге қатысты сот "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны хабарланды.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама