ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қазан 2022 | 09:43
"Қазтеміртранс" филиалының директоры 6 жылға сотталды
"Қазтеміртранс" Қостанай филиалының директоры сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазтеміртранс" Қостанай филиалының директоры сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, жүк вагондары паркінің экс-басшысы кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырған.
Ол вагондарды кедергісіз әрі жедел жеткізуге ықпал еткен. Оның сыбайласы "Вадиса М" серіктестігінің жетекшісі де заң алдында жауапқа тартылды.
""Қазтеміртранс" директоры сот шешімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол орта қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде жазасын өтейді, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды. ЖШС директоры Таировқа пара беру дерегі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл белгіленді. Бұл 24 млн теңгеге тең",-деді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы Зәуре Едікова.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также