"ҚазТемірТранстың" қостанайлық филиалы директоры сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 261
comments icon 0
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"ҚазТемірТранс" қостанайлық филиалының директоры пара алды деген айыппен сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазТемірТранс" қостанайлық филиалының директоры пара алды деген айыппен сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 3 қазанда Қостанай қаласының №2 соты "Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының директоры Б.Ұсабеков пен "Вадиса М" ЖШС директоры С.Таировқа қатысты айыптау үкімін шығарды. Олар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алған әрі берген деп айыпталды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, Ұсабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ал Таировқа пара беру дерегі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалған. Ал бұл сома 24 миллион теңге болады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная