22 сәуір 2023 | 09:30

"ҚазТранГаз Аймақтың" металл тұрбаларын ұрлағандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

"ҚазТранГаз Аймақтың" металл тұрбаларын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазТранГаз Аймақтың" металл тұрбаларын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 сәуірде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ тапсырысы бойынша Атырау облысы прокуратурасының келісуімен облыстық полиция департаменті магистральдық газ құбырын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кескен.

1978, 1984, 1988 жылы туған күдіктілер анықталып, ұсталды.

Реклама
Реклама

"Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігімен, яғни бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Атырау облысы прокуратурасының мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram