08 желтоқсан 2021 | 17:21

Kcell-дің бұрынғы қаржы директоры 450 миллион теңге жымқырып, букмекерлік кеңседе ұтылған - ҚМА

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда Kcell Solutions ЖШС бұрынғы қаржы директоры 450 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Kcell Solutions ЖШС бұрынғы қаржы директоры 450 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kcell Solutions ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына қатысты жалған құжаттарды пайдалану арқылы жалпы сомасы 450 миллион теңге көлемінде компанияның сенiп тапсырылған мүлкiн аса ірі көлемде жымқыру дерегі бойынша іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті жүргізіп жатыр. 

"Тергеу кезіндекомпанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпан айы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында 258 миллион теңге ақшалай қаражатын 5 компанияның есепшотына алдын ала түзілген жалған келісімшарттар мен бухгалтерлік құжаттар негізінде және өзінің айлық есепшотына негізсіз 192 миллион теңгені аударып, нәтижесінде қолма-қол ақшаға айналдырып жымқырған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная