25 ақпан 2022 | 19:59

Кентау әкімі пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық сурет – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажановқа қатысты аса ірі көлемде пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімін әшкереледі, ол 2022 жылғы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аталған қалада автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 миллион 500 мың теңгеге баламалы) сомасында пара алған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная