29 сәуір 2023 | 09:58

Кентауда ер адам аулада ойнап жүрген қызды ұрып-соғып, зорламақ болған

Дина Шарипханова Корреспондент
© instagram/kris.p.kentau.official

Түркістан облысының Кентау қаласы полицейлері жасөспірімді ұрған ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысының Кентау қаласы полицейлері жасөспірімді ұрған ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"26.04.2023 жылы сағат 23:15 шамасында Кентау қалалық полиция бөліміне ауруханадан жасөспірім қыздың дене жарақатымен түскені туралы хабарлама келді.

Тексеру барысында, сағат 20:30 шамасында аулада ойнап жүрген қызды белгісіз біреу себепсіз ұрғаны анықталды. Оқиға болған сәтте түсірілген бейнежазба анықталды. Оның негізінде күдіктінің жеке басы белгілі болды. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты", - делінген хабарламада.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі "бұзақылық" бойынша тіркелген. Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 4-бөлігі бойынша қайта сараланған. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Реклама
Реклама

Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жәбірленушінің жағдайы бірқалыпты. Қылмыстық іс Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная