"Кодтарын білген". Астанада ер адам банкоматты тонап кеткен

Видео Polisia.kz

Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ мәліметіне сілтеме жасап.

Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ мәліметіне сілтеме жасап.

Ұрлық биыл тамызда жасалған. 5 айға жуық уақыттан кейін жүргізілген тексеру барысында 3 миллион 760 мың теңге көлеміндегі ірі қаржы тапшылығы анықталған.

"Бейнебақылау камераларын қарап шыққан тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түскен. Бейнежазбада таңғы уақытта бетін жауып алған ер адамның банк филиалының ғимаратына қалай кіргені көрсетілген. Ол банк аппаратын ашып, қолма-қол ақша салынған дискілерді алып кеткен", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ұрлыққа бұрынғы инкассатордың қатысы бар екені белгілі болған.

"Бұған дейін 27 жастағы күдікті 2 ай жұмыс істеп, ақша тасымалдаумен айналысқан. Ол жұмыстан шыққаннан кейін банкоматтың кіру кодтарын білетін болғандықтан ақша ұрлауға бел буған".

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ер адам кінәсін мойындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама