04 қаңтар 2019 | 16:33

Қоғамдық даму министрлігінің комитет басшысы үй қамауына алынды

© Vesti.Ru

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Астанада брифинг барысында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Астанада брифинг барысында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының департаментінің қызметкерлері ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің басшысын ұстады. Ол экономика және қаржы комитетінің басқарма басшысының көмегімен 1,9 миллион теңге пара алып, ведомствоның қарамағындағы ұйымдардың қосымша қаржыландыруы туралы уәде берген", - деді Арман Бердалин. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, комитет басшысы кінәсін мойындаған. Сот оны үй қамағына алу туралы шешім шығарған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Сондай-ақ, Бердалин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы мәдениет және спорт министрлігіне қарасты "Велосипед спортына дайындық орталығы" РМҚ басшысына қатысты қылмыстық тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

"Ол орталықта жұмыс істемген адамдарға жалақы ретінде қаражат аударып отырған, сондай-ақ заңсыз сыйақы төлеп отырған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деді ол. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная