15 шілде 2022 08:47

"Қоқан-лоқы, бопсалау". Қазақстандағы белгілі кәсіпкерлердің мүлкін басып алған рейдерлер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында белгілі кәсіпкерлік құрылымдарды ұзақ уақыт бойы рейдерлік басып алуды іске асырған бір топ тұлғалар әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоқы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген. Бүгінде департаментте Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғалды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, еліміздің кемінде тағы үш облысында осыған ұқсас қылмыстардың жасалғаны туралы ақпарат бар.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, топ қымбат жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б. алу арқылы заңдастырылған кірісі жасырын бизнеспен белсенді айналысқан.

"Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болған. Қазіргі уақытта топтың белсенді мүшелері ұсталды. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram