Көкшетауда "Қазпошта" бөлімшесіне жасалған қарулы шабуылдың видеосы пайда болды

Көкшетауда "Қазпошта" бөлімшесіне жасалған қарулы шабуылдың видеосы пайда болды Видеодан алынған кадр

К?кшетауда ?арулан?ан екі ер адам "?азпошта" б?лімшелеріні? біріне шабуыл жасады. Желіде видеоба?ылау камерасында?ы жазба пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көкшетауда қаруланған екі ер адам "Қазпошта" бөлімшелерінің біріне шабуыл жасады. Желіде видеобақылау камерасындағы жазба пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл оқиға 3 қазанда түске дейінгі уақытта болған. Белгісіз екі ер адамның бетперде киіп алып, кассирді қорқытқаны белгілі болды. Олар шамамен бір миллион теңге көлемінде (одан сәл аз болуы мүмкін) ақша алып кеткен", - деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

"ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша ("Қарақшылық") сотқа дейінгі тергеу басталды. Кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Жедел топ құрылып, куәгерлерден жауап алынып, камерадағы жазбалар зерттеліп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама