Көкшетауда шаштараз жұмыс орнында есірткі сатқан

© Тұрар Қазанғапов

К?кшетауда шаштараз ж?мыс орнында есірткі саудала?ан деген к?дікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?мола облысты? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Көкшетауда шаштараз жұмыс орнында есірткі саудалаған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Көкшетауда шаштараз болып істейтін жігіт жұмыс орнында ұсталды. "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу шарасы шеңберінде полицейлер марихуана сатты деген күдікпен Зеренді ауданы Заречное ауылының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Полицейлер жігіттің сатып алушыға екі бөлек газетке оралған есірткіні бергенін анықтады", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

"Есірткі сату" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баспасөз қызметінің өкілдері заңсыз айналымнан жалпы 82 келі есірткі тәркіленгенін атап өтті.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама