Көкшетаулық бұрынғы әйелін ұрлап әкетіп, бір тәулік көлігіне қамады

© susanin.udm.ru

Көкшетаулық бұрынғы әйелін ұрлап әкетіп, бір тәулік көлігіне қамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық кезекші бөліміне Боровое ауылының 27 жастағы тұрғыны шағымданған. Ол өзін 11 маусым күні сағат 9.30-да жұмысынан күштеп шығарып, көлігіне отырғызып алып кеткен бұрынғы күйеуін жазалауды сұрапты. Ер адам әйелді ұрлап әкетіп, көлігінің ішінде Зеренді тас жолының бойында келесі күні сағат 10.00-ге дейін қамап ұстаған.

"Көкшетау қалалық ІІБ қызметкерлері іздестіру шарасы барысында 26 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, түсінік берді. Ұсталған күдіктіге қатысты ҚР ҚК 126-бабы 1-бөлігі "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұл бап бойынша күдіктінің бас бостандығына 3 жылға дейін шектеу қойылуы мүмкін немесе 3 жылға дейін сотталады.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама