19 наурыз 2021 11:49

Көкшетау тұрғыны бірге тұратын сүйіктісін сабап, қабырғасын сындырған

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Көкшетау тұрғыны өзімен бірге тұратын сүйіктісін аяусыз сабады. Салдарынан 51 жастағы әйелдің қабырғасы сынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға 16 наурызда болған. Ақпарат бойынша, Көкшетау ПБ кезекші бөліміне қалалық аурухананың медбикесінен қабылдау бөліміне қабырғасы сынған 51 жастағы әйел жеткізілгені туралы хабар түскен.

Жұп арасындағы жанжал пәтерде болғаны анықталды. Екеуі де мас болған, жанжал кезінде ер адам әйелді ұратынын айтып қорқыта бастаған. Содан кейін ол әйелге бірнеше рет қол көтеріп, қабырғасын сындырған.

Реклама
Реклама

Ер адам кінәсін мойындады. ҚК-нің "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram