28 тамыз 2020 | 10:39

Көкшетауда 13 жастағы қыздың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Дәурен Ерболат Журналист
Скрин

Көкшетауда 13 жастағы Әйгерім Хайдарова сегіз тәулік бойы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда 13 жастағы Әйгерім Хайдарова сегіз тәулік бойы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жасөспірім шаштаразға барамын деп кеткен. Содан бері із-түссіз жоғалған. Ақмола облысы полиция департаменті бұл істің бабы қайта сараланғанын жеткізді.

Реклама
Реклама

"ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 200-ден аса куәгерден жауап алынды. Олар 13 жастағы қызды жоғалардың алдында көруі мүмкін. Полиция қызметкерлері, құтқарушылар, тұрғындар пен еріктілер іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл іс Ақмола облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін полиция 20 тамызда Көкшетауда 13 жастағы қыз жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Қыздың анасы тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Оның айтуынша, түскі сағат 15.00-де қызы шаштаразға кеткен, содан бері үйге оралмаған. Жасөспірімнің телефоны өшірулі, қайда жүргені белісіз.

Қыздың белгілері: бойы - 156-160 сантиметр, арық, шашы ұзын, қара, көзі қоңыр. Ол күләпарасы бар сұр куртка, қара толстовка, көк джинсы және ақ кроссовки киген.

Әйгерім Хайдарова туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, төмендегі телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

+7 775 085 03 15 немесе 102.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная