ПОДЕЛИТЬСЯ
19 сәуір 2022 | 08:59
Көкшетауда аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты
Көкшетауда тыныс алу аппараты мен басқа да медициналық құрал-жабдықтарды сатып алудағы алаяқтыққа қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Кокшетау Азия" сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Көкшетауда тыныс алу аппараты мен басқа да медициналық құрал-жабдықтарды сатып алудағы алаяқтыққа қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Кокшетау Азия" сайтына сілтеме жасап.
Айыпталушы тарапта - Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясов, жеке медицина орталығының меңгерушісі Жанар Молдантаева және Ақмола туберкулезге қарсы диспансерінің бұрынғы бас дәрігері Қалимжан Ташметов.
Айыпталушылар аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеушілердің айтуынша, коронавирус пандемиясы кезінде олар пайдаланылған медициналық жабдықты мемлекет қаражаты есебінен, тіпті жоғары бағаға сатып алған. Мысалы, туберкулезге қарсы диспансерге 2008 жылы шығарылған ақауы бар жасанды тыныс алу аппаратын 25 миллион теңгеге сатып алған. Нәтижесінде, осы аппаратқа қосылған 11 науқас өлімі анықталды.
Іс бойынша жалпы шығын 100 миллион теңгеден асады. Үш айыпталушы да кінәлі деп танылған.
Ақмола облыстық соты Ілиясов пен Молдантаеваны кінәлі деп тауып, сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Үкім жарияланған соң Жанар Молдантаева қамауға алынды. Оның 2020 жылғы қымбат көлігі мемлекет кірісіне алынған.
Бұрынғы бас дәрігер Ташметов рақымшылыққа байланысты жазадан босатылған. Ташметовті "Парасат" мемлекеттік наградасынан айыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің атына ұсыныс енгізілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также